«АЛЖИР» (Ақмола «халық жаулары» әйелдерінің лагері) - 1937 жылы Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-нүкте болып құрылған. Кейіннен «АЛЖИР» аталып кеткен лагерь «халық жауларының» зайыбы, қыздары мен қарындастарына арналған.
2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені ашылды.
Мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ, «Еске алу қабырғасынан» құралған.
Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын-сүргін тарихын көрсетеді.