Батпырауықтар фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін керемет тарту болды. Аталған шара қаламызда алғаш рет Ақбұлақ ауданының саябағында өткізіліп жатыр. Бүгін аспанға теңіз жануарлары, айдаһарлар және басқа да фантастикалық кейіпкерлер мен ұшатын конструкциялар ұшырылды.
Батпырауықтарды аталмыш спорт түрінен халықаралық чемпиондар басқарды. Астана тұрғындары мен қонақтары таза ауада жыландар биіне қанығып, фестивальға өздері де қатысуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, фестиваль шаралар бағдарламасын түрлендіретін ерекше оқиға болып, «жасыл» экономика ұстанымдарын қолдауға бағытталған. Аспанға ұшырылған батпырауықтар бамбук пен өңделген қағаздан жасалды, деп хабарлайды astana.gov.kz.