Бүгін ұлттық валютамыз теңгенің долларға шаққандағы бағамы арзандады. Мәселен, «Казкоммерцбанк» АҚШ долларын 197 теңге 6 тиыннан саудалады. Ал, «ФОРТЕБАНК» 1 долларды 197 теңге 25 тиыннан сатты. Еуразиялық банк бағамы 198-ді көрсетеді. «Центркредит» банкі 198 тиыннан өткізуде.
Әлемдік мұнай бағасының арзандауы салдарынан жаһандағы 20 мемлекет өз валютасын құнсыздандыруға мәжбүр.
Нұргүл АХМЕТОВА