Қала күніне орай ерекше футбол жарысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала күніне орай ерекше футбол жарысы өтеді

03.07.2014
Қала күніне орай ерекше футбол жарысы өтеді

Қазақстанда «Бампер Бол» атты жаңа спорт түрі пайда болды. Бұл ойында қатысушылар арнайы сфераларды киіп алып, қарсыласының қақпасына доп соғуға тырысады. Футболдың ерекше түрі көптеген шет мемлекеттерінде кең тараған. Енді Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ерекше футболдың бірінші матчы 2011 жылдың соңында Норвегияда өткен болатын. Содан бері аттракцион халық арасында кеңінен танымал. Ойын барысында футболшылардың аяғы ғана бос болады, сондықтан тепе-теңдікті сақтау қиын.

Шармен футбол ойнаудың бар қызығы да сол. Тіпті, жарыс сумо палуандарының күресіне де ұқсайды. Ойынның ұзақтығы - 30 минут. Оған 5 жастан жоғары балалардың да қатысуына болады. Бұл спорт түрінде жарақат алу мүмкіндігі ең төмен.

Мерекелік шара 5, 6, 7 шілдеде «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Ерекше футбол адамдарға сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Хабарламаларға жазылу