Футболдан Әлем чемпионатының пайдалы ойыншылары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионатының пайдалы ойыншылары анықталды

03.07.2014
Футболдан Әлем чемпионатының пайдалы ойыншылары анықталды

Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалының қорытындысы бойынша ең пайдалы футболшысы деп Давид Луис аталды. Бұл туралы ФИФА сайты хабарлайды.

Бразилия құрамасымынң қорғаушысы 1/8 финалда Чили құрамасымен өткізген ойынның 18-ші минутында гол соқты. Пенальти сериясында мергендік танытты. Сонымен қатар, өз қақпасына бағытталған бірнеше соққыға тосқауыл қойған. Нәтижесінде, футболшының пайда көрсеткіші бойынша индексі  9,79 құраған.

Екінші және үшінші орынды Хамес Родригес (Колумбия) пен Карим Бензема (Франция) бөлісті.

Футболдан Әлем чемпионатындағы ең пайдалы футболшылардың тізімі:

1. Давид Луис (Бразилия) - 9,79,

2. Хамес Родригес (Колумбия) - 9,74,

3. Карим Бензема (Франция) - 9,7,

4. Арьен Роббен (Нидерланд) - 9,66,

5. Ян Вертонген (Бельгия) - 9,62,

6. Неймар (Бразилия) - 9,59,

7. Тиаго Силва (Бразилия) - 9,56,

8. Иван Перишич (Хорватия) - 9,53,

9. Йоан Джуру (Бельгия) - 9,5,

10. Томас Мюллер (Германия) - 9,48.

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионатының ширек финал матчтары 4 және 5 шілдеде өтеді.

Хабарламаларға жазылу