Рибери ширек финалда кездесетін Франция – Германия матчына келгісі келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рибери ширек финалда кездесетін Франция – Германия матчына келгісі келмейді

02.07.2014
Рибери ширек финалда кездесетін Франция – Германия матчына келгісі келмейді

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы   4 шілдеде  футболдан Әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін Франция мен Германия құрамалары арасында өтетін матчты көруге келмейтінін айтты. Оған Франция футбол федерациясы осы матчқа қонақ ретінде қатысуға арнайы шақырту жіберген болатын. Рибериден басқа бұл матчтың қонағы ретінде  Стив Манданда мен  Клеман Гренье шақыртылған.
Айта кетейік, бұл үш футболшы Франция құрамасы сапына шақырылып,  жарақаттарына байланысты әлемдік додаға қатыса алмай қалды.
Франция мен Германия құрамалары арасындағы ширек финалдық матч шілденің 4-і күні Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Франция - Германия матчын тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

 

Хабарламаларға жазылу