Бүгін Қазақстан Республикасының «Құрметті металлург» атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілді. Бұл марапатты Елбасыға Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец табыс етті,-деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасының «Құрметті металлург» атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында берілді.