Қазақстан 2018 жылы мұнай өндіруді 17,5 тоннаға ұлғайтады, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған кеңесте.
«2018 жылға дейінгі мұнай-газ секторын дамытуға бағытталған кешенді жоспар қабылданды. Нәтижесінде біз мұнай өндіретін зауыттардың мұнай өндірісін 17,5 тоннаға ұлғайтуымыз қажет. Яғни, өндірісті 5 миллион тоннаға ұлғайту керек. Мұнай транспорттауды 98 миллион тоннаға, газды 35 миллиард кубметрге жеткізу қажет. Бұл – экономика үшін аса маңызды көрсеткіш»,-деді Елбасы.