«Наша Киманелли» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наша Киманелли» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді

01.07.2014
«Наша Киманелли» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді

«KAZsport» телеарнасының туған күніне орай бірнеше ірі жоба әзірленді. Соның бірі - аты аңызға айналған гимнастшы, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким туралы түсірілген «Наша Киманелли» деректі фильмі.

Бұл - отандық телеарна  тарихында түсірілген алғашқы  өмірбаяндық фильм. Арнайы түсірілім тобы АҚШ-та, оның бірінші спорт мектебі сақталған Шымкентте және Алматы қаласында болып қайтты.

Бас қаһарманның қатысуымен деректі фильмнің тұсаукесері  бүгін, сағат 19.00-де Астанадағы «Керуен» сауда орталығында  өтеді.

Хабарламаларға жазылу