Франция – Нигерия. Бензема vs. Эньема - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция – Нигерия. Бензема vs. Эньема

30.06.2014
Франция – Нигерия. Бензема vs. Эньема

Бүгін футболдан Әлем чемпионатының 1/8 айналымында Франция мен Нигерия құрамалары кездеседі. Франция бұл матчтың сөзсіз фавориті.

Дидье Дешам шәкірттері Швейцария құрамасын 5:2  есебімен жеңген соң көпшілік Франция құрамасын жүлдегерлер қатарына енгізіп қойды.

Нигериялық футболшылар бүгін жұмылған жұдырықтай қимылдай алмаса, бұл олардың мундиальмен қоштасу матчы болуы әбден мүмкін.

Нигерия құрамасының қақпашысы - Винсент Эньеама топтық кезеңде өте жоғары деңгейде ойнап, тек аргентиналықтардан ғана  қақпасына гол жіберіп алды.

«Лилль» қақпасын қорғайтын  Эньеама клуб сапында, өткен маусымда ең көп  «құрғақ»  матч өткізген қақпашы. Топтың кезеңдегі үш ойында 16 сэйв жасады.

Керісінше, Франция құрамасы топтық кезеңде қақпаға қарай ең көп соққы жасаған ұжым. Демек,  Бензема, Жиру және Вальбуэна  нысанаға алған қақпаны қорғайтын Эньеама Нигерияның келесі кезеңге өту-өтпеуіне себепкер негізгі адам ретінде айтылуда.

Франция-Нигерия матчы Астана уақытымен 22:00-де басталады.

 

Франция құрамасы:

Қақпашылар: Юго Ллорис («Тоттенхэм», Англия), Стефан Рюффье («Сент-Этьен»), Микаэль Ландро («Бастия»).

Қорғаушылар: Матье Дебюши («Ньюкасл», Англия), Люка Динь («ПСЖ»), Эвра («Манчестер Юнайтед», Англия), Бакари Санья, Лоран Косьельни (екеуі де – «Арсенал», Англия), Эльяким Мангаля («Порту», Португалия), Мамаду Сако («Ливерпуль», Англия), Рафаэль Варан («Реал», Испания).

Жартылай қорғаушылар: Блез Матюиди, Йоан Кабай (екеуі де – «ПСЖ»), Клеман Гренье («Лион»), Рио Мавуба («Лилль»), Поль Погба («Ювентус», Италия), Мусса Сиссоко («Ньюкасл», Англия), Матье Вальбуэна («Марсель»).

Шабуылшылар: Оливье Жиру («Арсенал», Англия), Карим Бензема («Реал», Испания), Реми Кабелья («Монпелье»), Антуан Гризманн («Реал Сосьедад», Испания), Лоик Реми («Ньюкасл», Англия).

Бас бапкер - Дидье Дешам.

 

Хабарламаларға жазылу