Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының тұрғындары қала күнін атап өтті. Биыл Новосибирскке 121 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай қаланың орталық алаңында әртүрлі шаралар өтті.
Новосибирск – халық саны бойынша Ресейдегі 3-ші, ал жер көлемі бойынша 7-ші қала. Мұнда 140 ұлт өкілі мекен етеді. Ал, тұрғындардың 0,21 пайыздан астамы – қазақтар.
Айта кетейік, қала күніне орай Новосибирсктің орталық алаңында әртүрті халық өкілдерінің «Ұлтаралық ауыл» көрмесі өтті. Айшық оюлармен оқшауланған қазақ үйі (киіз үй)көрменің көркін қыздырды.
Сондай-ақ, алаңда концерт ұйымдастырылып, сахнада қазақтың күйі төгілді, әсем әні шырқалды, биі де биленді.