Мұхит Тұрсынов - «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхит Тұрсынов - «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы

29.06.2014
Мұхит Тұрсынов - «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы

Қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды. Ол Қарағанды облысының палуаны Асыл Бәрменовті қосымша кезең - қоян-қолтық белдесуде жеңді.

Жеңімпазға 150 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық пен алтын тайтұяқ тиесілі.

Еске сала кетейік, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу