Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында жаңбыр жауады

29.06.2014
Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында  жаңбыр жауады
28-30 маусым аралығында Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында  жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.
 
«Солтүстік және батыс облыстарда атмосфералық фронттардың әсерінен жауын болады, ал температура +23, +30º шамасында болады, ол климаттық нормаларға жақын» , - деп хабарлады метеорологтар.  
 
Сондай-ақ, 28-30 маусым аралығындағы демалыс күндерінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында ауа-райы бұрынғыдай ыстық болады. Күндізгі температура +32, +39, тіпті кей жерлерде +40, +43 градусқа дейін жоғарылайды. Республиканың орталығында және шығысында өткінші жаңбыр күтілсе де, күндізгі температура +30, +37º-ге, дейін, кей жерлерде +40º-қа, дейін көтеріледі.


Хабарламаларға жазылу