26 маусым күні Астанадағы «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде ресейлік атақты ғалым-филолог Александр Драгункиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Ғалым-филологтың Астанаға келуінің негізгі мақсаты – елордада қазақ тілін меңгерудің бірегей тәсілдерін зерттейтін Драгункин орталығын ашу. Сонымен қатар, оның жүйесі кез келген адамға жеңіл, қолайлы және оңай екенін жария ету.
Қазақстанға келген сапарларының бірінде Александр Драгункин қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып, қазақ тілін меңгерудің өзгеше әдістерін өңдеудің алғашқы қадамын жасады.
Осыған дейін А.Драгункин ағылшын және қытай тілін меңгерудің танымал зерттеу әдістемелерін жазған. Бұл әдістемелер әлемнің 28 мемлекетінде қолданылады.
А.Драгункин: «Қазақстанда ағылшын мен қазақ тілдерін үйрену - көбейту кестесін жаттағанмен бірдей болатындай етіп жасаймын»,-дейді.
Александр Драгункин ағылшын тілін меңгеретін жаңашыл әдістемелерінің авторы ретінде бүкіл әлемге танылған. Оның әдістемелерін отызға жуық мемлекеттер қолданады. Сонымен қатар, ол 30 оқулық пен кітаптың авторы.