«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны таныстырылады

27.06.2014
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны таныстырылады
Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы жаңа веб-порталының іске қосылуы мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны мен веб-порталының жаңа нұсқасының іске қосылуына қатысты жиын өтеді.
 
Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласы күнін «Қазақстан» телеарнасы жаңартылған дизайнмен қарсы алмақшы. Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жаңа веб-порталы да өз жұмысын бастайды.
 
Телеарна бет-бейнесінде қандай өзгерістер болмақ? Қандай тың жаңалық ұсынылады? Олардың мән-мағынасы, мазмұны қалай?
 
Жиында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова осы мәселелерге кеңінен тоқталмақ.
 
Айта кетейік, жаңа дизайнды жетілдіру кезінде британдық «Bruce Dunlop & Associates» креатив агенттігінің тәжірибесі пайдаланылды.

Хабарламаларға жазылу