«Халық дауысымнан танып жатады. Жақында көлікпен келе жатып, жылдамдықты сәл асырып жіберген едім. Бірден МАИ қызметкерлері келе қалды. Тоқтатып, жөн сұрасып болғаннан кейін менен «Аға, қайда қызмет етесіз?»,деп сұрады. Мен радиодан екенімді айттым. Әлгі жігіт: «бәсе, дауысыңыз таныс»,-деп құжатымды ашып көрді де, аты-жөніме қарап, «Оу, аға, мен сізді дауысыңыздан жақсы танимын ғой», деп еш айыппұлсыз жіберді. Дауысымның, қызметімнің күнделікті тірлікте осындай пайдасы тиіп жатады,-дейді диктор.
«Қазақтың қоңыр даласындай қоңыр үн болуы керек. Өз мінезі болуы керек. Сол мінез арқылы ойындағысын байсалдылықпен жеткізу қажет»,-деген диктор күнделікті тәжірибесінен шеберлік дәрісін өткізді.
Толығырақ, «Таңшолпаннан» көріңіз.