«Қазцинк-Торпедо» қақпашысы Иван Полошков Новокузнецк қаласының «Металлург» клубымен алдын-ала келісімшарт жасасты.
Өткен маусымда 28 жастағы голкипер «Қазцинк-Торпедо» клубымен Жоғары хоккей лигасының чемпионатында 33 матч, сонымен қатар плей-офф кезеңінде 5 матч өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Иван Полошков Новокузнецк хоккей мектебінің түлегі, бірақ ол Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнады. Өскемендік клубтың намысын 7 жыл қорғады.