Жамбыл облысында күннің күрт ысуына байланысты жұртшылыққа ескерту жасалды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РММ жасаған ескертуге сәйкес, 2014 жылдың 27-28 маусым күндері күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде ауа температурасы +43°С көтерілуі мүмкін», - делінген таратылған хабарламада.
Жамбыл облыстық ТЖД барлық деңгейдегі әкімдіктерге, ММ және ТЖ қызметтерінің басшыларына тиісті шараларды қолға алу туралы телефонограмма жолдады.
Облыстық телеарналарда ескерту жайлы хабарландырулар таратылуда.
ҚазАқпарат