ОҚО:Оқ-дәрілерді жоюға арналған қоймада болған жарылыстан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО:Оқ-дәрілерді жоюға арналған қоймада болған жарылыстан 2 адам қаза тапты

26.06.2014
ОҚО:Оқ-дәрілерді жоюға арналған қоймада болған жарылыстан 2 адам қаза тапты
 
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында оқ-дәрілерді жоюға арналған қоймада жарылыс болып, 2 адам қаза болды, тағы бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жарылыстан аман қалған 1966 жылы туған ер адам 1-дәрежедегі күйік алған. Үшеуі де кәсіпорынның қызметкерлері. 

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, «Қазақжарылыспром» АҚ қоймасында жарылыс таңертең 07:40 кезінде оқ-дәрінің тұтануы салдарынан болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу