Солтүстік Корея Ким Чен Ын туралы фильм көрсетілсе, АҚШ-қа соғыс жариялатынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея Ким Чен Ын туралы фильм көрсетілсе, АҚШ-қа соғыс жариялатынын ескертті

26.06.2014
 
Солтүстік Корея Ким Чен Ын туралы фильм көрсетілсе, АҚШ-қа соғыс жариялатынын ескертті
 
Америкалықтар Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы фильм түсірді. Жақында көрсетіле бастайтын «Сұхбат» атты жаңа комедия КХДР билігінің шамына тиді, деп жазады ҚазАқпарат.
 
Тіпті Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілі егер бұл фильм экранға шықса, біз соғыс жариялаймыз деп ескертті.

«Жоғары басшылыққа шабуыл жасау туралы фильмнің шығарылуы мен көрсетілуі - бұл террор мен соғыстың жауапкершіліксіз актісі. Егер америкалық әкімшілік бұл фильмді шығарса, біздің тараптан аяусыз контршаралар қолданылады , - делінген Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Сюжет бойынша АҚШ-тың екі тілшісі Солтүстік Кореяға бас хатшымен кездесуге барады. Шын мәнісінде оларға Ким Чен Ынды өлтіру тапсырмасы берілген еді.

Солтүстік Корея билігі аталған фильмді түсіргендерді қатты сынға алды. Олар оны «терроризм актісі» деп атап, фильмнің айналымға шықпауы үшін барлық шараны қолға алуға уәде етті.

Айта кетейік, таяуда Ким Чен Ын «Glorious Leader!» компьютерлік ойынының кейіпкеріне айналды.

Хабарламаларға жазылу