Түрік ағайындарда: «Ұлттық мәдениеті салт-дәстүрі жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады», деген сөз бар. Ал қазақ: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», дейді. Қазақ халқының той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқанда ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.
Бүгінгі жастар арасындағы дәстүрге бей-жай қараушылық туралы үлкендердің әңгімесін бүгін 15.05-те «Әйел бақытынан» көріңіз.
Қарапайым ғана табақ тарту мен келін шайдың мәнін ұмыта бастаған жас ұрпаққа деген аға буынның айтары бар.