Елімізде тұңғыш рет «Балапан» телеарнасы ұйымдастырған «Алтын құлын» халықаралық жас жыршылар байқауының жеңімпаздары анықталды. Кіші топ бойынша Тұқан Әділет (Алматы облысы) бас жүлдені иеленсе, үлкен топ бойынша Нұрай Айтуарова (Алматы қаласы) мен Қуаныш Елеусізұлы (Қытай Халық Республикасы) топ жарды. Оларға бағалы сыйлықтар мен 500 000 теңге сыйақы берілді.
Сондай-ақ, қатысушылар төмендегі аталымдар бойынша марапатталды.
Кіші топ:
«Үздік өнерпаз» - Тұқан Әділет (Алматы облысы)
«Үздік батыр бейнесі» - Қасиетәли Құдайберген (Астана қаласы)
«Үздік домбырашы» - Нұрсәт Ораз (Батыс Қазақстан облысы)
«Үздік шығарма» - Тілекберді Жанарбекұлы (Моңғолия)
«Көрермен көзайымы» - Батыр Әлекеев (Шығыс Қазақстан облысы)
«Үздік әртістік шеберлік» - Қаныбек Досан (Оңтүстік Қазақстан облысы)
Үлкен топ:
«Үздік өнерпаз» - Тоғжан Бақытова (Қызылорда облысы)
«Үздік батыр бейнесі» - Абылайхан Низан (Шығыс Қазақстан облысы)
«Үздік домбырашы» - Нұрай Айтуарова (Алматы қаласы)
«Үздік шығарма» - Кәмшат Жаппарбекова (Оңтүстік Қазақстан облысы)
«Үздік әртістік шеберлік» - Дәурия Сүлейменова (Алматы қаласы)
«Көрермен көзайымы» - Сағындық Табиғатқызы (Моңғолия)
«Салт-сыбаға» - Қуаныш Елеусізұлы (Қытай Халық Республикасы)
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің шығыс, батыс, оңтүстік өңірлерінен және Астана мен Алматы қалаларынан жүзге жуық үміткер жыр бәйгесінде бақ сынады. Бірі жырды мәнерлеп, көркем оқуымен көзге түссе, енді бірі мақамға салып, әуелете шырқады. Байқау ережесі бойынша әр аймақтан 7-11 және 12-15 жастағы үміткерлер халықаралық сайысқа жолдама алды. |