Өскеменнің брендтік тауарлары Қытайға жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменнің брендтік тауарлары Қытайға жөнелтілді

26.06.2014
Өскеменнің брендтік тауарлары Қытайға жөнелтілді
 
Шығыс Қазақстанның брендтік тауарлары Қытайда ұйымдастырылған жәрмеңкеде сатылымға түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
 
Өскеменнен Қытайға аттанған 80 адамнан құралған керуен жәрмеңкеге 30 тонна бал, 500 литр күнбағыс майын, 200 келі макарон өнімдерін алып барды.
 
Сонымен қатар, жәрмеңкеге өскемендік суретшілердің майлы бояумен жазылған 80 шақты картинасы мен ұлттық аспаптар жөнелтілді.
 
Шығыс Қазақстан облысы мен Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданы сауда-саттықпен қатар, білім, руханият, мәдениет саласында да тығыз қарым-қатынаста. Бірлесіп жасаған халықаралық жобалары да бар.
 
Атап өтерлігі, ауқымды шараны өткізуге екі аймақ та қызығушылық танытуда. Көршілес ел мұндай шараны ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. Облыстық Туризм және сыртқы байланыс басқармасы шілде айында жәрмеңке өткізуге дайындық жұмыстарын бастап та кетті. Жоспардағы жәрмеңкеЛяо Тао қаласында өтеді.
 

Хабарламаларға жазылу