Қазақстан Республикасының бокстан әйелдер Ұлттық құрамасы Ресей, Тәжікстан, Грекия командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін, Грекияға (Крит аралы) келді.
Эллиндер еліне құраманың алдыңғы қатардағы боксшылары жіберілді: 48 келі – Назым Қызайбай, 51 келі – Жайна Шекербекова, 54 келі – Дина Жоламан, 57 келі – Сәния Сұлтанқызы, 60 келі – Гүлжан Уббиниязова, 64 келі – Зарина Цолоева, 69 келі – Дариға Шәкімова, 75 келі – Марина Вольнова, 81 келіден жоғары – Ләззат Күнгейбаева.
Оқу-жаттығу жиынының тоғыз күнінен кейін Вадим Присяжнюктің шәкірттері аталған елдердің боксшыларымен спарринг өткізеді, деп хабарлайды confederation.kz.