Олимпиада чемпионы Майя Манеза диплом алды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпионы Майя Манеза диплом алды (ФОТО)

24.06.2014
Олимпиада чемпионы Майя Манеза диплом алды (ФОТО)
 
Бүгін, 24 маусым күні Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2014 жылғы бітіруші түлектерге диплом беру салтанатты жиыны өтті.
 
Магистратура бойынша - 249, бакалавр бойынша - 2 630 бітіруші түлек арасында ел мақтанышы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Майя Манеза да бар, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
 
Сән-салтанатымен өткен  жиынды университет ректоры Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы ашып, түлектерге ақ тілегін білдірді.
 
Университет басшылығы Майя Манезаға дипломмен қатар Алғыс хат табыстады.
 
«Мен Қыздар университетінде білім алып, бітіріп отырғаныма қуаныштымын. Қуанышты сәтімде барлық ұстаздарыма алғысымды білдіргім келеді. Осы университетте оқыған уақытта екі дүркін Әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы атандым. Алдағы уақытта оқуымды жалғастырамын, магистратураға түсу ойымда бар»,-деді спортшы.
 
Айта кету керек, ел абыройын әлемдік додаларда қорғап жүрген Майя Манеза қасиетті қара шаңырақты «денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдады.

Хабарламаларға жазылу