Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2014
Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні
Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтілуде, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
 
2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметші күні, деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің өткен жылғы Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні болып белгіленді.
 
Қазақстанда 90 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметте, соның ішінде 49 мыңнан астамы әйелдер.

Хабарламаларға жазылу