Астанада қала күніне арналған іс-шаралар маусымның 20-сынан басталады. Бұл туралы бүгін қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлімдеді.
«Астана күні қарсаңында ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар маусымның 20-сынан басталып 4 шілдеге дейін жалғасады. Ал 5,6,7 шілде күндері рухани-мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары өтеді, - деді ол ОКҚ-да өткен брифинг барысында.
Қаланы абаттандыру жұмыстарына 20 мыңға жуық адам тартылып отыр. Басқарма басшысының айтуынша, биыл елорда күнін атап өтуге 700 миллион теңге жұмсалмақ.
Жыл сайын Елорда күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған шаралардан түскен қаржы мүгедек балаларды емдеуге жұмсалады.