Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» келісімшарт жасасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» келісімшарт жасасты

18.06.2014
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» келісімшарт жасасты

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 
«Осы келісімнің арқасында «Самұрық-Қазына»  қорының сатып алулар жүйесі отандық өндіруші компанияларға қолжетімді болады.

Комиссия құрамына кірген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бақылауды күшейтеді»,- деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жасалған осындай ұзақмерзімдік келісімшарттардың жалпы сомасы 1 триллион теңгеге жуықтады.

«Мемлекет басшысының «Самұрық-Қазына» АҚ-на жүктеген маңызды тапсырмаларының бірі - жергілікті үлесті арттыру арқылы отандық өндірушілерге қолдау көрсету. 2010 жылы тауар, жұмыс пен қызмет түрлеріндегі қазақстандық үлес 50 пайызды құраса, 2013 жылы ол 70 пайызға дейін жоғарылады»,-деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. 
 

Хабарламаларға жазылу