Солтүстік Қазақстан облысында 9 маусым күні Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы Стабаев Ербұлан Торсанұлы із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
«1976 жылы туған Стабаев Ербұлан 2014 жылдың 9 маусымында кешкі уақытта Қызылжар ауданының Ивановка ауылының маңындағы «Мирас» лагерінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Осы кезге дейін оның қайда екені белгісіз», - деп көрсетілген хабарламада.
Сонымен бірге, 11 маусымнан бері Есіл өзенінде облыстың ТЖД суда құтқару қызметі іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, әзірге еш хабар жоқ.
|