Бүгіннен бастап Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы Елордалық шағын және орта кәсіп иелеріне сервистік қызмет көрсетуді бастады.
«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы астаналық 1750 кәсіпкерге 2 246 қызмет көрсетілген. Нәтижесінде, 100 бизнес-жоспар мен 100 -ден аса ғаламтор сайттары жасалып, 57 түрлі тақырыптағы шеберлік сабағына 650 тыңдарман қатысқан.
Сонымен қатар, 6 ай ішінде елордалық кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу және тендер бойынша 120 мыңнан астам қаражат ұтып алған.
Биыл 2060 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілмек.
Айбар ЖАҚСЫБАЕВ