Елдегі мүлік пен ақшаны жария ету акциясы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылуы мүмкін.
Қазір Қаржы министрлігі тиісті Заң жобасын әзірлеуде. Аталған Заң жобасында сондай-ақ, мүлікті жария ету жолдары жеңілдетілмек.
Атап айтсақ, қазіргідей қаржыны банкте бес жыл мерзімге сақтау талабы алып тасталуы көзделген. Мүлікті жария етуге қатысты да бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ