Астанада өткен аударыспақтан І ашық Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өткен аударыспақтан І ашық Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді

15.06.2014
Астанада өткен аударыспақтан І ашық Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді
Бүгін, Астанадағы «Қазанат»  ипподромында тұңғыш рет аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтті.
 
Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғыз Республикасы , Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Моңғолия елдерінен мемлекеттен 33 спортшы бақ сынады.
 
Чемпионат 70 келіге, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынып, жүлде алған балуандар абсолютті чемпионы атағына таласты.
 
Ойын көрсетілімін 16-17 маусымда «KAZsport» телеарнасынан 21.00-де тамашалауға болады.
 
Турнирді ұйымдастырушылар - ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.  
 
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Қолдаушылар «Нұр Отан» партиясы және «EXPO-2017» халықаралық көрмесі.
 

Хабарламаларға жазылу