Ұлттық экономика министрлігі Ресей мен Украинадан әкелінетін құс етін сатуға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық экономика министрлігі Ресей мен Украинадан әкелінетін құс етін сатуға тыйым салды

21.07.2015
Ұлттық экономика министрлігі Ресей мен Украинадан әкелінетін құс етін сатуға тыйым салды

Қазақстанда Ресей мен Украинадан келетін кейбір құс етін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мұндай шешім санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан патогенді микрофлоралардың анықталуынан кейін қабылданған.

Яғни, ол өнімдер Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейді.

Хабарлама Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің уәкілетті органдарына жіберілді.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу