ЕЭО туралы шартта тілдік қағидаттар кемсітушілікке ұшырамайды - Елбасы Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО туралы шартта тілдік қағидаттар кемсітушілікке ұшырамайды - Елбасы Н.Назарбаев

13.06.2014
ЕЭО туралы шартта тілдік қағидаттар кемсітушілікке ұшырамайды - Елбасы Н.Назарбаев
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта тілдік қағидаттар кемсітушілікке ұшырамайды. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
 
«Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы барлық халықаралық келісімдер, комиссияның міндетті сипаттағы күші бар барлық шешімдері орыс тілінде қабылданады. Біз осылай келістік. Дегенмен, ондай құжаттар бірден тараптардың әрқайсысының мемлекеттік тілдеріне аударылатын болады. Сондықтан да тілдік принциптер бойынша да ешқандай кемсітушіліктер орын алмайды», - деді Елбасы Н. Назарбаев.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушы-мемлекеттер халқының өмір сапасын арттыруға, жұртшылықтың ахуалын көтеруге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 

Хабарламаларға жазылу