«Джиро д' Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді,-деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.
Фабио Ару 19 маусым күні Астана қаласында болып «Астана» велоклубының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен,
Қазақстанның велоспорт федерациясымен, сондай-ақ, «Astanafans» мүшелерімен кездеседі деп жоспарлануда. Ал, 20 маусым күні Алматы қаласына жолға шығады.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.
|