«Ән жүрегім, Астана!» фестивалінің гала-концертінде отандық эстрада жұлдыздары ән шырқайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән жүрегім, Астана!» фестивалінің гала-концертінде отандық эстрада жұлдыздары ән шырқайды

11.06.2014
«Ән жүрегім, Астана!» фестивалінің гала-концертінде отандық эстрада жұлдыздары ән шырқайды
Астана күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылатын «Ән жүрегім, Астана!» фестивалі аясында жаңа эстрада жұлдыздарының есімдері анықталады. Дәстүр бойынша шараға кеңінен танымал орындаушылар қолдау көрсетеді. Биыл қорытынды концертке Нұржамал Үсенбаева, Қайрат Нұртас, «Кешью» тобы, Маржан Арапбаева, Айқын және Әлішер Кәрімов қатысады. Бұл туралы «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығы хабарлайды.
 
Бесінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан байқауға жасы 18-30 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ал, өткен жылғы жеңімпаз Еркін Маулен шараға қонақ ретінде қатысады.
 
Гала-концерт 5 шілдеде сағат 19.00-де Конгресс-холлда өтеді.
 

Хабарламаларға жазылу