Алматыда Өзбекстан азаматы бес ай бойы рейстегі автобусты жүргізуші куәлігінсіз басқарып келген.
Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев айтты.
Сонымен қатар А.Дауылбаев тиісті рұқсат құжатарынсыз жолаушылар тасымалдайтындар мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тек Астананың автовокзалында тиісті рұқсат құжаттарынсыз 28 тасымалдаушы анықталды. Осындай фактілер еліміздің барлық облыстарында байқалуда. Сәйкесінше, жолаушылардың қауіпсіздігі сақталмайды», - деп атап өтті
А.Дауылбаев.
|