Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын экспедиция экипажының негізгі құрамы бекітілді.
Олар - ресейлік ғарышкер Максим Сураев, «НАСА» ғарышкері Рид Вайзман және Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі Александр Герст.
Қосымша экипаж құрамына ресейлік Антон Шкаплеров, Еуропалық ғарыш агенттігінің тағы бір өкілі Саманта Кристофоретти және «НАСА» ғарыш агенттігінің өкілі Терри Вертс бекітілді.
Пилотпен басқарылатын «Союз ТМА-13М» ғарыштық кемесі жаңа құраммен 28-мамырда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанады.