11-13 маусым аралығында Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында V «Astana Mining & Metallurgy Congress» Халықаралық конгресі өтеді.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің ұйымдастыруымен өтетін шараның басты тақырыбы – «Жаңғырту - әлемдік нарық тұрақсыздығы жағдайында тау-кен метталургия кешенін дамытудың негізгі факторы».
Жыл сайын өтетін салалық шараға биыл әлемнің 27 елінен өкілдер келеді. Шара аясында мамандандырылған көрме өткізіліп, оған 50-ден астам компания өкілдері қатысады.
Конгрестің салтанатты ашылуы және жалпы отырыс 13-маусымға жоспарланған.
Оған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Вирджиния көмір және энергетика саласындағы зерттеулер орталығының (АҚШ) директоры Микаэль Кармис, Халықаралық геология ғылымдары одағының (Германия) президенті Роланд Оберхенсли, «IBRAM» бразилиялық тау-кен қауымдастығының президенті Жозе Фернандо Коура, «Pricewaterhousecoopers» компаниясының Еуразия өңірі елдеріндегі басқарушы серіктесі Альпер Акдениз қатысады.
Сондай-ақ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Раудың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Конгрестің бас демеушісі - «Қазмырыш» компаниясы.
|