«Malaysia Airlines» әуе компаниясының жоғалған ұшағындағы жолаушылардың туыстары ұшақ туралы ақпарат жеткізген адамға 5 миллион АҚШ доллар көлемінде сыйақы беру үшін ақша жинауды бастап кетті. Бұл әуе лайнерін іздестіруге көмегін тигізбек, деп хабарлайды BBC.
Туыстардың айтуынша, ұшақтың жоғалуының негізгі себебі әлі де анықталмай отыр. Қаражат жинау фандрейзингпен айналысатын арнайы сайт арқылы ұйымдастырылған.
Айта кету керек, 8 наурыз күні Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған «Боинг» ұшағы радар экрандарынан көрінбей кетті. Бортта 239 адам болған.
Ұшақ Үнді мұхитына құлауы мүмкін деген жорамал бар. Алайда, әлі күнге дейін еш айғақ табылмады.
Ал мамыр айының соңында Малайзия Азаматтық авиациясы басқармасы мен «Inmarsat» компаниясы ұшақ маршруты туралы спутник мәліметтерін жариялады. Бұл іздестіру аймағын анықтауға мүмкіндік береді.
|