Ертең Астанада қолданбалы-сәндік өнер мен дизайндік бұйымдар көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада қолданбалы-сәндік өнер мен дизайндік бұйымдар көрмесі өтеді

09.06.2014
Ертең Астанада қолданбалы-сәндік өнер мен дизайндік бұйымдар көрмесі өтеді
10 маусымда Астанада қолданбалы-сәндік өнер мен заманауи дизайндік бұйымдардың «Мен сені сүйемін, елорда!» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты. Көрмеге бейнелеу өнері, қолданбалы-сәндік шығармашылық, заманауи дизайн үйірмелері тәрбиеленушілерінің еңбектері қойылады.
 
Үздік шыққан 200-ден астам балаға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар үлестіру жоспарланған. Шара аяқталғаннан кейін барлық туындылар балалар үйлері, ауруханалар мен қарттар үйлері сынды әлеуметтік мекемелерге таратылмақ.
 
Айта кетейік, шара Оқушылар сарайының галереясында өтеді.

Хабарламаларға жазылу