ҰБТ-ның соңғы қорытындысы бойынша түлектердің 14,6 пайызы 100 балдан жоғары жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның соңғы қорытындысы бойынша түлектердің 14,6 пайызы 100 балдан жоғары жинады

06.06.2014
ҰБТ-ның соңғы қорытындысы бойынша түлектердің 14,6 пайызы 100 балдан жоғары жинады
Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектердің 14,6 пайызы 100 балдан асыра жинағаны мәлім болды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
 
«Биыл ҰБТ-ны 92077 мектеп бітіретін түлек тапсыруы  тиіс еді.  Алдыңғы 4 күнде олардың 76948-і  немесе 83,6 пайызы тапсырып шықты. Осы күндердің нәтижелерін атап өтер болсам, биылғы тест тапсырған түлектердің орташа балы 76,8 болып отыр. Өткен жылы ол 74,7 болған», - деді вице-министр бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәлімдемесінде.
 
Вице-министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда 100 балдан жоғары жинаған балалардың саны бүгінгі күні 11 242-ні немесе тест тапсырғандардың 14,6 пайызын құрап отыр. Ал өткен жылы 100 балдан астам көрсеткішке 9204 түлек қол жеткізген еді.
 
Осы күнге дейін Алматы қаласы №178 лицейінің түлегі Абдижапар Айғаным Бахытқызы және Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия МҚК-нің түлегі Марат Асия Жандосқызы ең жоғары 125 балл жинады», - деді Т.Балықбаев.  
 
Вице-министрдің айтуынша, «осы төрт күн ішінде 50 балл жинай алмаған балалардың саны 17811 құрайды. Жалпы, биылғы ҰБТ нәтижелерінің өткен жылмен салыстырғанда жоғары болуы биылғы түлектердің дайындығының жақсы болғандығын көрсетіп отыр отыр»-деді.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу