Қытай билігі Google сервистеріне шектеу қойды. Бұған 1989 жылдың 3-4 маусымындаТаньаньмэнь алаңында болған бұқаралық шерудің 25 жылдығын талқылауы себеп болуы мүмкін.
Google компаниясының сервистері – аудару, пошта, күнтізбе, сондай-ақ, іздеу жүйесі бірнеше күн бойы қолжетімсіз. Қытай билігі мұндай әрекетке алғаш рет барып отырған жоқ, деп хабарлайдыsecuritylab.ru. Дәл осындай жағдай 2012 жылы болған. Ол кезде Google сервистері 12 сағат бойы жұмыс істемеген болатын.
Сонымен қатар, Facebook, YouTube, Twitter және «The New York Times» сынды web-ресурстарға да шектеу қойылған.
Қытай билігі Google-дің тиісті деңгейде жұмыс істемеуін компанияның жұмысындағы ақаулар деп түсіндіреді. Ал Google компаниясы баспасөз хатшысының айтуынша, олардың тарапынан еш кінарат жоқ. «Біз бұл мәселені әбден зерттедік. Біздің тарапымыздан ешқандай да техникалық ақау болған жоқ»,-дейді ол.
Осы оқиға салдарынан компания қызметтеріне арналған Қытай трафигі 50 пайызға төмендеп кеткен.