ОАР-да СМС хабарламалар жіберуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОАР-да СМС хабарламалар жіберуге тыйым салынды

06.06.2014
ОАР-да СМС хабарламалар жіберуге тыйым салынды
Орталық Африка республикасының уақытша үкіметі ереуілшілердің жаппай ақпарат жіберу кампаниясына қарсы тұру үшін, ел ішінде СМС хабарламалардың таратылуына тыйым салу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 
 
Өйткені, ереуілшілердің таратып жатқан хабарламаларында ел астанасы Банги қаласында жаппай наразылық таныту жөнінде үндеулер бар, дейді билік өкілдері. 
 
Үкіметтің айтуынша, шектеу салу елдегі ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік орнатуға септеседі.
 

Қазіргі уақытта СМС жіберуге талпынған ОАР тұрғындарының қалта телефонына «СМС-ке тыйым салынған» деген француз тіліндегі жауап келеді. 

Хабарламаларға жазылу