Қазақстанда құрылыс жұмыстарының сапасы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының сапасы артады

06.06.2014
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының сапасы артады
 
Қазақстанда құрылыс жұмыстары сапасына жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы  ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
 
«Заң жобасы тұжырымдамасы, біріншіден, аттестатталған сарапшылардың жеке жауапкершілігін, сонымен қатар қарастырылатын құрылыс жобалары бойына сараптама сапасы үшін эксперттік ұйымдардың жауапкершілігін күшейтеді», - деді ол «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс нысандарын жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстыру барысында.
 
 «100 АЕК  көлемінде айыппұл және 6 айға оның қызметін тоқтату қарастырылуда. Егер тағы қайталанар болса, онда сот шешімімен аттестация туралы куәлігінен айырылып, 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», - деді бірінші вице-министр.
 

Хабарламаларға жазылу