Еурокомиссия Литваны еуро аймағына қабылдауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еурокомиссия Литваны еуро аймағына қабылдауды ұсынды

05.06.2014
Еурокомиссия Литваны еуро аймағына қабылдауды ұсынды
Еврокомиссия Еуроодақ елдері кеңесіне Литваны 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еуро аймағына кіргізу жөнінде ұсыныс жасады. Ұсыныс мақұлданған жағдайда Литва еуро аймағының 19-шы мүшесі болады.
 
 Кеңес қорытынды шешімді 2014 жылы шілде айының ортасында мәлімдейді. Мемлекет басшылары Литваны қабылдау жөнінде  маусым айында өтетін саммитте талқылайды.
 
Еурокомиссия Болгария, Чехия, Хорватия, Польша, Венгрия, Румыния, Швеция елдері Бірыңғай еуропалық валюта әлі дайын емес екенін айтты. Бұл елдер мәселесі 2 жыл өткеннен кейін қайта қарастырылады.

Хабарламаларға жазылу