«Астана - Бурабай курорты» бағыты бойынша күнделікті қатынауға арналған «Оқжетпес» пойызы жолға шығады.
2014 жылдың 9 маусымынан бастап, №805/806 «Оқжетпес» электр пойызы күнделікті қатынауға ауысады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.
Пойыз Астана уақыты бойынша 18:55-те аттанып, Бурабайға 21:46-да келеді, өз кезегінде Бурабайдан 22:40-та шығып, Астанаға 01:37 минутта жетеді. Электр пойызы жолда ешбір станцияға тоқтамайды. Құрамында 3 бірінші санатты, 3 екінші санатты, 2 үшінші санатты вагон бар.
Жаңа вагондарда жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Онда жұмсақ эргономикалық орындықтар, жылыту және салқындатуды бөлек басқаратын ауа баптау жүйесі, вагонаралық герметикалық өтпелер, салондар мен тамбурларды бейнебақылау жүйелері, Wi-Fi, қазақ және орыс тілдеріндегі сапар туралы ақпарат беретін «Жүгіртпе жол» тақтасы бар.
|