«Таңшолпанмен» бірге Әлем чемпионатының үздіктерін анықтаңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанмен» бірге Әлем чемпионатының үздіктерін анықтаңыз!

04.06.2014
«Таңшолпанмен» бірге Әлем чемпионатының үздіктерін анықтаңыз!
«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы футболдан Бразилияда өтетін Әлем чемпионаты қарсаңында көрермендер арасында байқау жариялайды. Күн сайын www.tankaz.kzсайтына кіріп, болжамыңызды білдіріңіз.
 
Біздің тарапымыздан қойылған үш сауалға сіздің болжамыңыз дәл келсе, «Таңшолпанның»арнайы сыйлығына ие боласыз.
 
1.    Биылғы Әлем чемпионатында қай елдің құрама командасы чемпион атанады?
2.    Доп додасында ең көп голды қай футболшы соғуы мүмкін?
3.    Сіздің болжауыңызша үздік қақпашы атағы кімге бұйырады?
 
Байқау 27 маусым күні аяқталады. Байқаудың жеңімпазы 13 шілдеде түскі 12.00-де анықталады. Үш болжамы да дәл келген көрерменді «Таңшолпанның» студиясына қонаққа шақырып, арнайы сыйлықтармен марапаттаймыз.
 
Ескерту: Пікіріңізді білдіргенде аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды, электронды поштаңызды, байланыс нөмірлеріңізді толық жазуыңызды сұраймыз.
 
Сондай-ақ, күн сайын 8 (7172) 55-31-94 байланыс нөмірі арқылы тікелей эфирге хабарласып, алдағы болатын ойындарға болжамыңызды білдіріңіз. Әлем чемпионатының үздіктерін «Таңшолпанмен» бірге анықтаңыз!

Хабарламаларға жазылу