Сүйінші! Қазақ радиосының кішкентай жүргізушісі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Мәскеуде өткен Юлия Барсукова атындағы «OLYMPICO CUP-2014» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Ресей журналистеріне берген сұхбатында Айбота Қазақ радиосында «Еркетай» балалар бағдарламасын жүргізетінін мақтанышпен айтты.
Айта кетейік, Айбота бұған дейін де бірнеше жарысқа: халықаралық «Ертіс жұлдыздары» байқауына (2012 жылы және 2013 жылы), Г.Горенкова атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің «Жұлдыздар-2012» турниріне, сондай-ақ 2013 жылы Қарағанды қаласында өткен көркем гимнастикадан ашық чемпионатқа және халықаралық «Жұлдыз-2013 Кубогы» турниріне қатысып, жүлдегер атанды.
Айбота - 10 жаста. Астанадағы №48 мектеп-лицейінің оқушысы.