Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі де өсіп, 2 триллион теңгені құраған. Инфляция қарқыны ТМД елдері ішінде тек Қазақстанда төмендеген.
Инфляция былтыр 7,4 пайызға жетіп жығылса, биыл жартыжылдықта небәрі 3,9 пайызды құраған. Елдің халықаралық қоры да жарты пайызға өсті.
Жұмыс істемей тұрған несиелер көрсеткіші 33 пайыздан 13 пайызға азайған. Экономиканы долларсыздандыру, жарты жылда шетелдік валютадағы депозиттер көлемі 6,5 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге азайған. Ал, төл теңгеміздегі депозит керісінше 274 миллиард теңгеге өскен.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ